Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балғындар Наурыз мерекесін асыға күтеді екен. «Бүлдіршіндерге қазақша киініп би билеп, ән айтқан өте ұнайды», дейді тәрбиешілер.
Елордадағы мамандандырылған сәбилер үйінің балғындарын құттықтауға министрлік өкілдері, Денсаулық сақтау, Білім басқармасының мамандары мен меценаттар келді. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, қонақтардың көңіл-күйін көтеріп тастады. Қыздары майысып би билесе, ұлдар жағы қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, салт-дәстүрінен қойылым көрсетті. Соңынан бәрі қара жорға биледі.
Жалпы, бұл сәбилер үйінде 60-тан астам балғын тәрбиеленіп жатыр. Көбінің ата-анасы бар. Кейбіреулері өздерінің қателік жасағандарына өкініп, балаларын қайта алып жатыр екен.
Дүрия Сейтенова, «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ дәрігері:
Балалардың түсуі де аз. Қазір сұраныс көп. Балалардың жағдайын жасатын жанұялар, жаны жасаң азаматтар табылып жатыр. Наурыз жыл сайын өтеді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ