«Астана Опера» алаңындағы жаңа форматтағы Наурыз тойы
Жаңа форматтағы Наурыз. «Астана Опера» ашық театр алаңы жаңа да жарқын көктем бояуларымен жандана түсті. Бұл жерде мол дастархан жайылған киіз үйлерден Этноауыл бой көтерген. Күймеге жегілген аттармен мерекелік думанға Қыдыр ата келіп, балаларға сыйлық таратты. Театрдың ұлттық стильде безендірілген Мәрмәр залы да сән-салтанаты келіскен киіз үйге айналған.
Мейрам қатысушыларына терме, салт-дәстүрлер, халық әндері, домбырашылардың өнерінен тұратын мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Қонақтардың көпшілігі ұлттық киімде болғанын атап өткен жөн. Мерекелік думан соңында көрермендерге «Қыз Жібек» ұлттық спектаклі ұсынылды.
Айта кетейік, Қазақстанда Наурыз мейрамын жаңа форматта тойлауды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсынған еді. Негізгі идеясы – Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімін асқақтататын жастарды тәрбиелеу.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Біз бүкіл мерекелерді жас балаларға арнап жатырмыз. Қазіргі Наурыздың тағы бір ерекшелігі, біз бүгін веложарыс жасадық. Барлық шара спортқа қарай бағытталуы керек. Салауатты өмір әрқашанда мерекелі.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
