«Айгүл» ансамбліне - 50 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айгүл» ансамбліне - 50 жыл

14.03.2019

Алматыда тек қыздардан құралған «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблінің 50 жылдығына байланысты «Аңызға айналған Айгүл» атты шығармашылық кеш өтті. Аталған ансамбль 1968 жылы 8 наурызда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының жанынан құрылған.

Сол тұста бұл квартеттің орындауында «Алақай», «Сатушы қыз», «Студенттердің қоштасу әні» сынды Ескендір Хасанғалиев және Әсет Бейсеуовтің әндері тыңдармандарға ұсынылды. Халық сүйіспеншілігіне бөленген топтың ұлт өнеріне қосқан үлесі зор. Олар әлемнің әр қиырын аралап, Қазақ елінің абыройын асқақтатты.  

Гаухар Төремұратқызы, Қазақ ұлттық педогогикалық қыздар университетінің ректоры:

Біз «Айгүл» ансамблінің құрамын жоғалтпаймыз. Әр жылы кастинг жасалып, құрамды жаңартып отырамыз. Ұл топтың әрқашанда конкурстарға қатысу және шет мемлекеттерге үлкен конкурстарға қатысуын жоспарлап отырмыз.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ                                

Хабарламаларға жазылу