Елімізде кәсіпкерлерге 6 пайыздық несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кәсіпкерлерге 6 пайыздық несие беріледі

10.12.2014
Елімізде кәсіпкерлерге 6 пайыздық несие беріледі

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінен бөлінген 50 миллиард теңге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы екінші деңгейлі банктерге жөнелтіледі.

Орталық 13 банкпен несиелік келісімді бекітті. Құжатқа сай қаржы орталықтары қаражатты өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласында жобаларын жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлерге 6 пайыз үстемақымен 10 жыл мерзімге бере алады.

Әсіресе, 25 пайызы азық-түлік өндіретін кәсіпорындарға беріледі. Сол арқылы елдегі тамақ өнеркәсібін өркендету жолға қойылмақ.

Несиенің тиімдісі алдымен пайыз мөлшері төмен әрі жұмысын жандандырып отырған кәсіпкердің қайта несие алуына мүмкіндігі бар.

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу