Алматыда сұлулығымен әлемді таңқалдырған қазақ қызы Алла Ильчунның өмір жолы туралы кітап жарыққа шықты.
Туынды авторы Берлин Иришев былтыр көрмеден Алла Ильчунның портретін көріп, оның сұлулығына тәнті болады. Кейін сол суретті әбден зерделеп, қазақ қызы туралы деректер іздей бастайды. Себебі Францияда тұрып, атақты Кристиан Диордың №1 моделі болған Алланың өмірі кез келген адамды қызықтырмай қоймайды. Автор оқырманға әлем халқы осы уақытқа дейін қытай қызы деп келген Ильчунның ғұмырын тарихи дәйектермен жан-жақты жеткізген.
Бөпехан Баратқызы, «Алматыкітап» баспасының бөлім басшысы:
- Біз «Алматыкітап» баспасының оқырмандар клубында кезекті кездесуде отырмыз. Бұл кездесудің мәні өте зор деп есептейміз. Себебі Кристиан Диор компаниясындағы біздің қазақ қызының сән әлеміндегі рөлін айтқымыз келеді. Осыған байланысты Берлин Иришевтің жазған кітабы бүгін қолымызға тиіп отыр. Осы кітапты оқығаннан кейін менің бойымда бір мақтаныш сезім пайда болды.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.