Қорқыт мұралары ЮНЕСКО тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорқыт мұралары ЮНЕСКО тізіміне енді

10.12.2018

Тұтас түркі дүниесіне ортақ Қорқыт атаның мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бұл орайда Сыр ғалымдары зерттеу еңбектері мен нақты дәлел-дәйектерін халықаралық ұйымның арнайы комиссиясына  ұсынған болатын. Әйгілі абыздың күйлері, сондай-ақ, аңыздары тек қазақ халқында сақталған.  Қазақ өнері мен мәдениетінде Қорқыт атадан қалған 12 күй бар. Қазір  «Аққу», «Ұшардың ұлуы», «Бәшпай» сияқты күйлері жиі орындалып жүр.  

 

Ғабит Тұяқбаев,  филология ғылымдарының кандидаты:

Қорқыт ата мұраларының әлемдік өркениеттен орын алуы бұл біздің ұлттық тарихымыздың, мәдениетіміз бен руханиятымыздың тамыры тереңде екенін көрсетеді. Осы арқылы біздер жалпы, ежелгі орта ғасырлардан бері өркениетті мемлекет екенімізді дәлелдейтін нақты әрі шынайы дерек деп айтуымызға болады.  Сондықтан да, бұл жалпы қазақстандықтардың, Сыр өңірі халқының үлкен жетістігі, қуанышы деп айтуымызға болады. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

 

Хабарламаларға жазылу