Талдықорғанда ақын Сағыныш Намазшамованың жыр кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда ақын Сағыныш Намазшамованың жыр кеші өтті

30.11.2018

Талдықорғанда жетісулық ақын, журналист, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Сағыныш Намазшамованың «Қауырсын ғұмыр» атты жыр кеші өтті. Өмірін өлеңмен өріп, поэзия әлемінде жыр бесігін тербеткен ақын бұл кешін оқырманға есеп беру деп бағалайды. Бірнеше өлең жинақтарының авторы өз шығармаларында Жетісудың әсем табиғатымен сырласып, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді, сұлу сезімді суреттейді. Шығармашылық кеште ақынның өлеңдері театрландырылған қойылымға ұласып, ақын туындыларына жазылған әсем әндер әуеледі. Лирикалық жырлардың кәусәр бұлағына сусындаған талдықорғандықтар әдеби шарадан рухани қуат алып қайтты. 

Сағыныш Намазшамова, ақын:

- Поэзия бұл ақынның сөзі ғана емес, өмірдің өзі. Сондықтан, әр өлеңде ақынның жүрек лүпілі, өзінің аңсаған сезімі, ой толғамы, жүрегінің қағысы тұрады. Сол себепті, алдыңғы толқын ағаларымыз сияқты өлеңіміз өмірбаянымыз деп айтуымызға болады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу