Ашылу салтанатына оның отбасы, туыстары мен үзеңгілестері жиналды. Өнер иесі тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық белгінің қойылуын әріптестері көптен күткен еді.
Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мыңжасар Маңғытаев қазақтың әнін биікке самғатып, өшпес із қалдырған. Оның 300-ден астам әні сұлулық пен сезімге толы. Мәселен, «Қарагөз», «Іздедім сені», «Ақ маржан» сияқты әндерін ел жақсы біледі. Ал, «Отырар» операсы, «Қозы мен Баян», «Арман», «Құлагер» секілді симфониялық поэмалары, «Шексіз махаббат» араториясы, «Ақсақ құлан», «Қаратау» әуендері атты хорға арналған туындылары кеңінен танымал. Әрқайсының ұлттық бояуы қанық.
Дариға Тіленді келіні, Нұрғиса Тілендиевтің жары:
-Нұрағаңның барлық шығармасына қуанып, екеуі сол үйде ақылдасып, бір шаттанып отыратын еді. Жалпы, өте көп жұмыс істеді Мыңжасар. Әндерінің бар жақсы.
Сәбит Оразбаев, Қазақстанның Халық әртісі:
- Нағыз мамандықты игеріп, симфония да жазды. Опера да жазды. Ән де жазды. Абайдың сөздеріне қаншама өлең жазды. Сол шығармаларының барлығы да - қазақтың өнер саласындағы қазынасы.
Әсем ҚАБЫЛБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.