Басты Жаңалықтар Қазақстандық ғалымдар Смитсон орталығынан тағылымдадан өтеді

Қазақстандық ғалымдар Смитсон орталығынан тағылымдадан өтеді

Қазақстандық ғалымдар АҚШ-тың әйгілі Смитсон орталығынан тағылымдадан өтеді. Бұл туралы Президенттің Смитсон институтының басшылығымен кездесуінен кейін белгілі болды. Смитсон – әлемнің ең ірі мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу кешендерінің бірі.

Ондаған музей мен галерея, 14 ғылым және білім беру орталығы, кітапханалар мен ұлттық зообақтарды біріктіретін Смитсон орталығы - әлемдегі ең беделді институттың бірі. Кездесу барысында Мемлекет басшысы мәдени дипломатия Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Смитсон институтының жетекшілері де ынтымақтастықты арттыра түсуге мүдделі.

Халле Батвин, Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры:

Біз өзіңіз білетіндей, АҚШ пен Қазақстандағы қолөнершілер арасында алмасу жұмыстарымен белсенді айналысып келеміз. Келесі айда Алматыда өтетін қолөнер фестиваліне біздің топ барады. Жалпы, Қазақстан Президентінің қолдау көрсетіп, ынта танытуы бізді қуантады. Қазақстан мәдениеті мен өнерін АҚШ-та кеңінен таныстыру – біздің де басты мақсатымыз.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, Смитсон орталығы арқылы еліміздегі мәдениеттану саласы мамандары үшін тағылымдамалар ұйымдасырылады. 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Келесі жылдан бастап арнайы тағылымдама бағдарламасы ашылады. Бұл ғылыми қызметкерлерімізге, мәдениеттанушыларымызға, антополог тарихшыларымызға ең терең ізденістерді осы институттың негізінде өткізуге мүмкіндік береді.

Смитсон орталығы жанынан құрылған Қазақстанның мәдени мұра қоры ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттаумен айналысады. Бұдан бөлек тараптар қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрі және рухани өмірін зерттеуге арналған бірлескен ғылыми жобалардың санын көбейтуді көздейді.


Бөлісу