Ақтөбеде ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің концерті өтті

16.11.2018

Ақтөбеде ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің концерті өтті. Тек елімізде ғана емес, алыс-жақын шетел сахналарында өнер көрсетіп жүрген ұжым үлкен құраммен келген. Шаһарда былтыр ғана пайдалануға берілген мәдениет орнында осыған дейін мұндай үлкен көлемдегі шара өтпеген еді. Көрермендер залға лық толды. Оркестр еліміз бойынша кезекті гастрольдік сапарына шыққан. Концерттік бағдарламасы жаңартылған. Ақтөбелік көрермендер алдында көптеген тың туындылар орындалды.

Жандос Мұхтаров, ҚР Президенттік оркестрі халықтық музыка ансамблінің жетекші солисі:

- Осы Ақтөбеге арнайы жазып алып келген шығармалар алғаш рет орындалады. Концерттің ерекшелігі - халық аспаптар ансамблі, камералық ансамбль, үрмелі аспаптар оркестрі, солистер бірігіп, оркестр болып концерт береміз.

 

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу