Алматыда жас сарбаздар әскери ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жас сарбаздар әскери ант қабылдады

29.05.2018

Алматыда ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне биыл көктемде келген жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Наурыз айында болған бір айлық әскерге шақыру науқаны кезінде іріктелген ең үздік 285 азамат Мемлекеттік күзет қызметі қатарына қосылды. Олар енді екіге бөлініп, Астанадағы «Айбын» және Алматыдағы «Батыр» полктерінде бір жыл бойы әскери борыштарын өтейді. Ал, мұқият кешенді тексеруден үздік нәтижемен өткен жастар болашақта президенттік полктерде қызмет етеді. 

Азамат Қайыржанов, жас сарбаз:

- Әрбір өңірден жиналған жас сарбаздардың халқына қызмет етіп, Отан алдындағы борыштарын өтеуі – парыз.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу