Журналист Серік Әбікенұлының «Омарбек мерген» деректі фильмі жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Серік Әбікенұлының «Омарбек мерген» деректі фильмі жарық көрді

14.11.2018

Талдықорғанда «Омарбек мерген» атты деректі фильм жарық көрді. Жарты сағаттық тарихи туындының авторы белгілі журналист, жазушы Серік Әбікенұлы. Деректі фильм ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының басына түскен тауқыметін суреттейді. Патшалық Ресей мен Кеңес үкіметінің таласы, ақтар мен қызылдар соғысы тұсында қалың қазақ жұрты жапа шеккен. Осы сәтте қолына қару алып, елі мен жерін қорғай бастаған батыр тұлғалар шыққан. Бірақ, жаңадан орнаған Кеңес билігі оларды банды деп қабылдайды. Сондай тұлғалардың бірі Омарбек Еркінбекұлының өмірдерегі арқылы суреттелген. Автор сол жылдардағы ашаршылық, зорлық-зомбылық, кәмпескелеу сияқты қитұрқы әрекеттерді жеткізуге тырысқан.

Серік Әбікенұлы, фильм авторы:

- Билікке қарсылық көрсеткендер әлі күнге дейін банды. Қолына қару алып, өзінің туған өлкесі, туған жері, туған топырағы, анасы мен баласы үшін күрескен азаматтарды әлі күнге дейін бандыға санап, басбұзар деп белгілеп, ақтамай отыру біздің елімізге сын. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу