Елордада Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығы атап өтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығы атап өтілді

03.12.2019

Қазақтың біртуар қаламгері, халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығы Елордада кең көлемде атап өтілді. Халықаралық деңгейдегі ауқымды мерейтойға алыс жақын шетелдің ақын-жазушылары, замандастары, туыстары мен жас оқырмандар жиналды. Әбіш Кекілбаев поэзиядан бастап, проза, әдеби сын, көркем аударма, драма жанрына елеулі еңбегін сіңірді. Тек Қазақстан емес, әлем таныған алып тұлғаның туындылары дүниежүзінің 16 тіліне аударылған. Мерейтой қарсаңында көпшілік назарына «Ұйқыдағы арудың оянуы» деректі фильмі көрсетілді. Онда Әбіштің туған жері, өмірбаяны бейнеленеді. Сонымен қатар жазушы шығармашылығына бағытталған «Әбіш әлемі» байқауының жеңімпаздары анықталды. Тағы бір қуантарлығы қаламгердің барлық туындылары жинақталып, 20 томдық жаңа еңбек жарық көрді. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу