Әлем чемпионаты: Бүгін екі боксшымыз шаршы алаңға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионаты: Бүгін екі боксшымыз шаршы алаңға шығады

04.09.2025

Бокстан әлем чемпионатында ел құрамасы алғашқы жекпе-жектерін қашан және кіммен өткізетіні белгілі болды. Бүгін екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Алғашқы болып әйелдер арасында Элина Базарова өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездеседі. Ол екінші жұпта А рингінде шеберлік байқасады. Кешкі сессия біздің уақытпен 22:00-ге белгіленген.

Сондай-ақ бүгін ерлер арасынан Сағындық Тоғамбай англиялық Айзек Окомен қолғап түйістіреді. World Boxing ұйымының аясында алғаш рет өтетін әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 спортшы жиналған. Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу