Қазақстандық оқушылар былтырдан бері 30-дан астам халықаралық олимпиада мен ғылыми жарысқа қатысып, мыңға жуық медаль иеленді. Оның ішінде 200-ге жуығы – алтын, 300-ден астамы – күміс, ал 500-ге жуығы – қола медаль.
Беделді білім сайыстарында ел намысын қорғап, бірнеше мәрте жүлдегер атанғандардың қатарында Нұргүл Егембергенова да бар. 7-сыныптан бері физикадан түрлі жарыстарға қатысып жүрген ол биыл Президент қолынан сыйлық алып, марапатталды.
Нұргүл Егембергенова, 11-сынып оқушысы:
«Президенттің қолынан марапат алдым. Ол бізге өзінің жылы сөздері мен тілектерін айтты. Алғашында қандай тарихи сәт болып жатқанын түсінбедім, қолынан алғанда ғана соны ұқтым. Өте ғажап сезімде болдым. Жылдан жылға бізде бәсеке артып келеді. Жаңа мықты оқушылар шығып, бірге үйреніп, деңгейіміз өсіп жатқанын байқаймын».
Темірлан Солтан
