Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж

04.09.2025

Ауғанстанда жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда дүмпулер әлі тоқтаған жоқ. Жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, далада түнеуге мәжбүр. Қазір елдің шығысындағы Кунар мен Нангархар провинцияларында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

БҰҰ-ның ескертуінше, халықаралық қауымдастықтан көмек болмаса, қираған елді мекендерде азық-түлік қоры таусылуы мүмкін. Сондай-ақ жараланғандарды эвакуациялау қиынға соғып отыр.

Ауғанстанда магнитудасы 6 баллдық жер сілкінісі тамыздың 31-інде тіркелді. Апат салдарынан 1400-ден астам адам қаза тауып, 3 мыңға жуығы жараланды. Бірқатар қышлақ жермен жексен болды. Құтқарушылардың айтуынша, үйінді астында әлі де адамдар бар.

Хабарламаларға жазылу