Қазақстанда былтырғы қорытынды бойынша мұнай өндіру көлемі 87 млн тоннаны құрады. Ал 2025 жылы өндіріс көлемі 96 млн тоннаға жетеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ елімізде 2025–2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Құжат зауыттардың қуатын қазіргі 18 млн тоннадан 29 млн тоннаға дейін кеңейтуді көздейді. Нәтижесінде бензин өндірісі 8 млн тоннадан асады, К5+ экокласты дизель отыны – 9 млн тоннадан артық өндіріледі, ал авиаотын көлемі екі есеге жуық артып, жылына 1,5 млн тоннаға жетеді.
2024 жылы (иконка: өсім) – 87 млн тонна
2025 жылы (иконка: өсім) – 96 млн тонна
2025–2040 жж. арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы:
18 млн тонна (иконка: өсім) → 29 млн тоннаға дейін
Бензин өндірісі (иконка: өсім) → 8 млн тонна
К5+ экокласты дизель отыны (иконка: өсім) → 9 млн тонна
Авиаотын (иконка: өсім) → жылына 1,5 млн тонна
Мәдина Нағашыбай
