Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады

03.09.2025

Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Паспорттың қажеті болмайды. Яғни, Арменияға барғыңыз келсе, жеке куәлігіңіз ғана қажет. Қазақстан мен Армения азаматтарына осындай мүмкіндік туды. Бүгін Мәжіліс депутаттары осы келісімді ратификациялады. Сондай-ақ екі елде жүру мерзімі ұзартылды. Бұған дейін 30 күн тұрақтауға рұқсат берілетін. Енді 90 күн жүруге болады. Құжатты ратификациялау екі ел азаматтарының бір-бірінің аумағында болуына қолайлы жағдай жасап, екіжақты ынтымақтастықты нығайтады, дейді депутаттар.

 Максим Рожин, Мәжіліс депутаты:

Қазір екі ел тек қана өздерінің жеке куәліктерімен жүре алады. Содан кейін мерзімі ұзарды. Бұған дейін азаматтар 30 күнде тіркелуі керек болатын. Қазір 30 күнге дейін ешқандай рәсімдеу керек емес. 30 күннен кейін рәсімдейді. Және 90 күннің ішінде елде жүре алады. Осындай ратификация Ресей мен Қырғызстан арасында болды. Қазір Армения елі қосылды.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу