Ақсу ферроқорытпа зауытында 3 жұмысшыны күйік шалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсу ферроқорытпа зауытында 3 жұмысшыны күйік шалды

03.09.2025

Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытының 3 қызметкері жұмыс істеп жатып күйіп қалған. Зардап шеккендер орталық ауруханаға дереу жеткізілді. Жұмысшылардың бірі жансақтау бөліміне түскен, ал қалғандары санитарлық және амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Оқиға жайы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. Ал компания қызметкерлерге қажетті көмектің көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Мәдина Нағашыбай


Хабарламаларға жазылу