Пәкістанда митинг кезінде 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда митинг кезінде 11 адам қаза тапты

03.09.2025

Пәкістанның Кветта қаласында саяси митинг кезінде 11 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жараланды. Жүздеген адам қатысқан шара кезінде жанкешті-лаңкес өзін-өзі жарып жіберген. Полиция стадионның көлік тұрағында болған оқиғаны тергеп жатыр. Жарылысты ешкім әзірге мойнына алған жоқ. France Presse агенттігінің мәліметінше, жыл басынан бері Белужистан мен оған көршілес Хайбер-Пахтунхва провинцияларында қарулы топтардың шабуылынан 430-дан астам адам қаза тапқан. Олардың көбі - қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу