АҚШ әскері есірткі тиеген қайыққа соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ әскері есірткі тиеген қайыққа соққы берді

03.09.2025

 АҚШ әскері Кариб теңізінің оңтүстігінде Венесуэладан есірткі тасымалдаған қайыққа оқ жаудырған. 11 адам қаза тапты. Оларды Трамп «наркотеррорист» деп атады. Әлеуметтік желіде АҚШ президенті су көлігі АҚШ-қа заңсыз есірткі тасымалдаған деп жазды. Трамп қаңтарда Ақ үйге оралғаннан кейін Латын Америкасының бірнеше елінде есірткі тасымалымен айналысатын ұйымдарды террористік деп таныды. Ал соңғы екі айда АҚШ Кариб теңізіне қауіпсіздікті күшейту үшін қосымша әскери кемелер мен мыңдаған теңіз жаяу әскерін жіберген еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу