Колумбияда 380 тонна есірткі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда 380 тонна есірткі тәркіленді

12.12.2023

Колумбияда 380 тонна заңсыз есірткі тәркіленді. Оның 195 тоннасы – кокаин, 175 тоннасы – марихуана және 14 жарым тоннасы – гашиш.

Есірткіге қарсы «Орион» халықаралық операциясы 45 күн бойы теңізде жүргізілген. Оған АҚШ, Бельгия, Испания, Индонезия, Сенегал, Колумбия, Бразилия күштері қатысты. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл операцияның нәтижесі наркокартельдердің трансұлттық есірткі тасымалына үлкен соққы болып тиіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу