«Қайрат» клубының Чемпиондар лигасының негізі топтық кезеңіне шығуы – қазақ спортының дамуына ерекше серпін береді. Спорт сарапшысы Олжас Байдосынов осындай пікірде. Айтуынша, бұл мүмкіндік қазақстандық жас футболшыларды шыңдай түседі. Олар да қарт құрлықтың ала доп додасында бақ сынай алатынын сезінді, дейді.
Олжас Байбосынов, спорт сарапшысы:
Қалған өңірлерде де «Қайраттың» деңгейіндей 3-4 академия салынса, алдағы жылдары жыл сайын Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайтын футбол державасына айналамыз деп сенемін.
Асылбек Данияр
