Соңғы екі жылда Қазақстан экономикасына 69 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы мәлімдеді. Айтуынша, мұндай көрсеткіш елдегі бизнес ахуалдың жақсарып келе жатқанының айқын дәлелі. Сондай-ақ Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауында айтылған тапсырманы орындау арқылы инвестициялық климат айтарлықтай жақсарды, дейді. Жүйелі тәсілдер енгізілді. Елге ірі шетелдік компаниялар келіп, жаңа зауыттар салынып, мыңдаған жұмыс орындары ашылуда. Сонымен бірге инвесторларға ыңғайлы болу үшін «бір терезе» қағидаты бойынша Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. «Жасыл дәліз» және «прокурорлық сүзгі» тетіктері де жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде былтыр жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын жаңа келісімдер жасалған.
Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР Сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы:
Жұмыс орындарын біз қазір есептедік, біздің цифрлық инвестициялық платформада бүгінгі күні 1100-ден астам жоба тіркелген. Оның құны 78 триллион АҚШ долларынан асады. Нәтижесінде 150 мыңнан астам жұмыс орындары құрылатын болады. Біздің инвестициялық платформада орнасқан жобалардың дейгейі әртүрлі бір жобалар биыл тапсырылатын болса, келесі жобалар 4-5 жылдан кейін нәтижесін береді.
Асылбек Данияр
