Алматыдағы Орталық музейде «Жапон мәдениеті күні» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Орталық музейде «Жапон мәдениеті күні» өтті

05.11.2018

Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған шара биыл 10-шы рет ұйымдастырылды.

Шара барысында алматылықтар Күншығыс елінің салт-дәстүрімен, мәдениетімен, заманауи инновация және интеллектуалдық жетістіктерімен танысты. Тыңдарманға ерекше рух беретін барабаншылар тобы өнер көрсетіп, жапон бишілері табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті жеткізді. Самурайлардың дәстүрлі киімдері, қол өнер бұйымдары, оригами және фурошики әдістерімен матадан дайындалған ерекше сыйлықтары көрмеге қойылды. 

Бейбітқали Қақабаев, ҚР Орталық музейінің директоры:

- Жапон мәдениетін ешкім басқа мәдениеттермен ауыстыра алмайды.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу