Алдағы уақытта төтенше жағдайға тап болған азаматтарға көмек бұрынғыдан да жылдам көрсетілмек. Құтқарушыларға жедел жетуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Айтуларынша, қазір жасанды интеллектіге негізделген, интеллектуалды көмекшісі бар «112» сall-орталығы құрылуда. Жобаны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне Астананың Төтенше жағдайлар департаменттерінің жедел басқару орталықтарында енгізу көзделген. Ведомство цифрландыру бағытында бұған дейін де бірнеше жобаны іске асырған. Соның бірі – төтенше жағдайларды болжау жəне модельдеуге арналған цифрлық сервис.
Əсет Тұрсын, ҚР ТЖМ Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментінің бас маманы:
Цифрлық сервистің арқасында қазіргі уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу, болжау, талдау құралдары бар. Бұл дегеніміз - перологиялық жағдайлар болған кезде, өрт шыққан кезде жəне жазғытұрым уақыттарда су бекеттерін қысқамерзімді, ұзақмерзімді жоспарлау барысында судың таралуын, жайылуын қарайтын сондай мүмкіндіктер береді.
Асылбек Данияр
