Жамбыл облысында «Жұмысшы жастар аманаты» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында «Жұмысшы жастар аманаты» форумы өтті

27.08.2025

Жамбыл облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында алғаш рет облыстық жастар форумы өтті. «Жұмысшы жастар аманаты» атты жиында өндіріс ошақтарында еңбек етіп жүрген жастардың мәселесі талқыланды. Олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Шара адал еңбекті дәріптеп, жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруды мақсат етеді.

Мұқаш Ескендіров, Мәжіліс депутаты:

Жамбыл облысының өзінде 20 іс-жоба іске асырылып жатыр. 3-4 жылдың ішінде тағы да 62 дейді. Осы мамандықтарды игеріп, осыған көптеп барып, арасында дараланып шығып, осы кәсіпорындарда өзіміздің балаларымыз, өзіміздің қыздарымыз басқаруы керек, жұмыс істеуі керек деп ойлаймын.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу