Трансферттерді бақылаудың ережелері талқылауға шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансферттерді бақылаудың ережелері талқылауға шығарылды

26.08.2025

Қаржы министрлігі ел азаматтарының жеке есеп шотын тексеру туралы жаңа жобаны қоғамдық талқылауға шығарды. Ережеге сәйкес, банктер салық органдарына жеке тұлғаның есеп шотының нөмірін, онда қанша қаражат барын және бір жылдық айналым есебін ұсынуы тиіс. Сонымен қатар жеке тұлғаның қанша кредиті бары туралы мәліметтерді беруге міндеттелмек. Оған қоса 20 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға, яғни шамамен 73 млн теңгеге мүлік сатып алса да, ақпаратты беруі қажет. Қоғамдық талқылау 9 қыркүйекке дейін жалғасады. Экономист жобаның мақсаты көлеңкелі экономиканың жолын кесу дейді. Дегенмен жан-жақты сараланып, талқылануы қажет деген пікірде.

Мақсат Халық, экономист:

Үкімет енді осыны пайдаланып, қандай жалтарулар бар, қандай адамдар өзінің табысын жасырып жатыр. Соны айқындауға кірісіп жатқан қадамдары деп айтуға болады. Дей тұрғанмен, бұл мәселе жан-жақты талдануы керек. Қаралуы керек.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу