Елімізде дәрігерлер тапшылығы 17 пайызға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 13 пайызға азайды. Бұл көрсеткішті одан әрі жақсарту мақсатында Қарағандыда медициналық білім беруді дамыту стратегиясы талқыланды.
Жиынға Мәжілістің салалық комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов төрағалық етті. Дөңгелек үстел барысында білім беруді дамыту және ауылдық жерге жұмысқа тұрған жас мамандарға барынша жағдай жасалу керектігі айтылды. Мәселен, былтырдан бастап 250 жас маманға 8 миллион теңгеден үстемақы берілген. Қазіргі таңда Жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, терапевт, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог сынды дәрігерлерге әлі де сұраныс бар.
Тимур Сұлтанғазиев, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
Осы жылдан бастап интернатураға тек жалпы практика дәрігерлері ғана емес, сонымен қатар терапия, хирургия, акушерия-гинекология, педиатрия және балалар хирургиясы бойынша да түсуге болады. Бұл мамандықтарды бітірген түлектер интернатураны аяқтағаннан кейін жаңа қалалық клиникаларда, емханаларда, сондай-ақ ауылдық жерлерге барып жұмыс істеуге мүмкіндік алып жатыр.
Жандос Бақытұлы
