Инклюзивті білім беру мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инклюзивті білім беру мәселесі талқыланды

19.03.2014
Инклюзивті білім беру мәселесі талқыланды

Мүгедек оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалу керек. Бұл мәселе «Нұр Отан» партиясының жіті бақылауында болмақ. Мамандар елімізде инклюзивті білім беру мектептері , яғни, мүгедек балаларға арналған білім ордаларының саны артуы тиіс, дейді.

 
Астанада пилоттық жоба шеңберінде инклюзивті білім беру №65 мектеп-гимназиясында енгізілді. Онда кемтар баланың мектепке еш кедергісіз кіруі үшін пандус орнатылған.
 
Биіктігі реттеліп отыратын лифтімен, арнайы парталармен жабдықталған. Алайда, шешілмеген проблема жетерлік.
 
Сал ауруына шалдыққан балалар айналысатын жаттығу құрылғылары мен толыққанды емдік-сауықтыру бөлмелерін ашу керек. Оларды оқытатын ұстаздарға қосымша ақы төлеу қажет. Тұтастай алғанда инклюзивті білім беретін мектептердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру керек,  дейді мамандар.
 
Қамал Бұрханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Барлық мектепті қамтамасыз еткеніміз дұрыс болар еді. Осыған байланысты талқылау жүріп жатыр.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу