Елімізде міндетті медициналық әлеуметтік сақтандырумен қамтылғандардың саны көбейіп келеді. Келер жылы мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтағы тағы 1 миллион адам сақтандырылады. Президенттің қабылдауында болған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осылай деп есеп берді. Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша баяндама жасады.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
2024 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлердің тапшылығы 19 пайызға азайды. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін дәрігерлердің тапшылығы 16 пайызға азайды. Соңғы 1 айдың ішінде 150-ден астам ауруханада полицейлік посттар ашылды. Сонымен қатар заң аясында тиісті өзгерістер енгізуге байланысты жұмыстар жүруде.
Оңғар Алпысбайұлы
