Қытайдың оңтүстік бөлігіне «Кадзики» дауылы соқты. Желдің екпіні секундына 40 метрге жеткен. Хайнань аралында ауа райының бұзылуына байланысты 20 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Аралда барлық кәсіпорын жұмысын доғарып, мектептер мен туристік нысандар уақытша жабылды. Қоғамдық көлік қозғалысы мен кеме қатынасы тоқтаған. Билік төтенше жағдай режимін жариялады. Тайфуннан кейін тазарту жұмыстарына 3 мыңнан астам адам тартылған. Қазір дауыл күші бәсеңдеп, Вьетнамға қарай ойыса бастады.
Арай Төлегенқызы
