Жолаушылар пойызының машинисі жүк вагонымен соқтығыстың алдын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолаушылар пойызының машинисі жүк вагонымен соқтығыстың алдын алды

25.08.2025

Жезқазғаннан Астанаға бағыт алған №107 жолаушылар пойызының машинисі жүк вагонымен соқтығысудың алдын алу үшін шұғыл тежегішті басқан. Салдарынан бірнеше жолаушы жарақат алды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі хабарлады.

1,5 сағаттан кейін пойыз орнынан қайта қозғалып, жолаушыларды жеткізген. «Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивтің зақымдануы тіркелген жоқ», – дейді мамандар. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. Арнайы комиссия жұмысын бастады.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу