«Балалар шығармашылығындағы Конституция». Осындай атаумен ата заңның 30 жылдығына орай Астанада суретшілердің байқауы өтті. Іс-шараны конституциялық сот пен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі бірлесіп өткізді. Байқауға 12-15 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Елдің түкпір-түкпірінен 169 сурет қабылданды. Өнерпаздар Конституцияның балалар құқығын қорғаудағы рөлін, қауіпсіз цифрлық әлемді және шығармашылық еркіндікті сурет арқылы жеткізді. Алматылық Арайлым Спандияр, қостанайлық Анастасия Бабенко және Қызылорданың таланты Айша Мұхамеджан жеңімпаздар қатарынан көрінді. Тағы 27 оқушы алғыс хатпен марапатталды.
Азамат Бейбітұлы
