Ақмолалық жас ақындардың кітаптары жарыққа шықты. Олардың арасында республикалық мүшайралардың жеңімпаздары мен шығармашылығын енді ғана бастап жатқандар да бар. Әр ақынның кітабы 500 данадан жарық көрді. Жалпы, кітаптарды жинақтау осы жылдың сәуір айынан бастап қолға алынған. Бұл игі бастама «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қолдауымен жүзеге асты. «Алдаспан» сериясымен басылып шыққан жинақтарды облыстың кітапханаларынан алып оқуға мүмкіндік бар. Өлең жинақтарына махаббат, сүйіспеншілік тақырыптарынан бөлек, саяси-әлеуметтік әрі қоғамның өткір мәселелерін қозғайтын туындылар енген. Жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсіміне байланысты жас ақындар «Жетеудің хаты» атты әдеби кеш ұйымдастырды.
Мерген Тоқсанбай, ақын:
- «Жетеудің хаты» деген себебі, бұл жерде саяси өлеңдер бар. Патриоттық өлеңдер бар. Бұл халыққа деген хат қой. Билікке айтылған бір наз болуы мүмкін ішінде. Оны оқырман өзі іздеп, оқып қарағаннан кейін не үшін «Жетеудің хаты» екенін айтар.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.