Майданда хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіру жұмыстары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майданда хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіру жұмыстары

17.06.2015
Майданда хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіру жұмыстары

Сұрапыл соғысқа 2 миллионға жуық қазақстандық қатысып, олардың жартысы майдан даласынан оралмай, дені із-түзсіз кеткені баршаға аян. Бүгінгі ұрпақтың міндеті – соғыс даласында қаза болып, хабарсыз кеткендерді есте сақтау. Бұл – өмірден өткен бабалар алдында біз өтей алатын бірден-бір парыз.

Қан майданда ерлікпен опат болған, әлі күнге дейін қайда жерленгені белгісіз жауынгерлерді іздестіру шаралары жыл сайын жалғасып келеді. Хабарсыз кеткендердің аты-жөні жазылған «Боздақтар», «Арманда кеткен боздақтар» атты еске алу кітаптары жарыққа шықты. Сыртқы істер министрлігінің де атқарған шаруасы қыруар. Дегенмен, тізім әлі толық емес.

Соғыс кезінде хабарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі қандай?  «Журналистік зерттеу» хабары бүгін 19:10-да Германия жерінде хабарсыз кеткен  қазақ жауынгерлерін іздестіру жұмыстары турасында баяндамақ.

Хабарламаларға жазылу