Мәнерлеп сырғанаушылар лицензиялық турнирге қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәнерлеп сырғанаушылар лицензиялық турнирге қатысады

22.08.2025

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиада лицензиясына таласады. Іріктеу жарысы қыркүйектің 18 мен 21 аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Бұл – төрт жылдықтың басты додасына жолдама алудың соңғы мүмкіндігі. Лицензиялық турнирде жекелей сында ерлерден Диас Жиренбаев қатысады. Ал қосалқы құрамда Никита Кривошеев, Олег Мельников және Артур Смағұлов бар. Мұздағы биден Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова ел намысын қорғайды. Айта кетейік, мұнда жеңіске жету міндетті емес. Қосымша квота, қос бағдарламаның қорытындысы бойынша үздік бестікке енген спортшыларға беріледі. Еске салсақ, осы уақытқа дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Милан Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды. Бірі Михаил Шайдоровқа тиесілі болса, екіншісін Софья Самоделкина иеленген. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу