Мәнерлеп сырғанаушылар Универсиадаға дайын

03.01.2017
Қысқы Универсиадада ел қоржынына алтын салуы тиіс спорт түрлерінің бірі - мәнерлеп сырғанау. Өйткені, бұл жарыс түрінде еліміздің мақтанышы, әлемге әйгілі Денис Тен бастаған 6 спортшы өнер көрсетеді.

Олар қазір айтулы жарысқа дайындықты күшейтті. Мәселен, Денис Тен мен Абзал Рахымғалиев Америка Құрама Штаттарында шеберлігін шыңдап жүрсе, қыздар құрамасы «Алматы-Арена» спорт кешенінде жаттығып жатыр.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу