Өзбекстанда АЭС құрылысы басталатын уақыты жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда АЭС құрылысы басталатын уақыты жақын

22.08.2025

Өзбекстанда шағын АЭС құрылысының белсенді кезеңі алдағы жылдың наурызында басталады. Қазір нысан салынатын аумақта дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы «Uzatom» агенттігі хабарлады.

Әзірге жобаның қауіпсіздігін және қоршаған ортаға қаншалықты әсері болатынын бағалау бойынша құжаттар әзірленіп жатыр.

Еске салайық, Өзбекстан мен Ресей қуаты 330 МВт болатын шағын АЭС салу бойынша өткен жылы мамырда келісім жасасқан еді. Жоба құны шамамен 2 млрд доллар. Жобаны қаржыландыру мақсатында Қытайдан жеңілдетілген несие алу жоспарланған. Сондай-ақ болашақта Өзбекстанда қуаты 2 ГВт болатын үлкен АЭС салынуы мүмкін.

Содиқ Сафоев, Олий мажлис сенаты төрағасының орынбасары:

Алдағы жылдары электр қуатына сұраныс екі есеге артуы мүмкін деген болжам бар. Артық қуатты қайдан аламыз деген заңды сұрақ туады. Осы тұста Жасыл энергияның маңыздылығы, атом энергетикасына қажеттілік туындайтыны айтпаса да түсінікті.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу