Жапонияға «лин-лин» дауылы соққы берді. Тайфун елдің шығысына қатты нөсер жауын әкелген. 24 сағатта Кагосима қаласында 325 миллиметр жауын жауды. Көшелерді су басқан. 5 ауданда лай көшкен. Осыған орай билік тұрғындарға үйден шықпауға, мейлінше абай болуға шақырды.
Арай Төлегенқызы
