Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия біріншілігінде чемпион атанды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз өкілдері хабарлады. Отандасымыз пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атудың финалында 250.1 ұпайға ие болды. Жарыстың күміс жүлдесі қытайлық мергенге бұйырды. Ол қазақстандық спортшыға 0,3 ұпай айырмасымен жол берді. Ал, оңтүстік Кореялық спортшы үшінші орыннан көрінді. Айта кетейік, Ислам Сәтпаев осыған дейін 2021 жылы дәл осы Шымкентте өткен сары құрлық бәсекесінде топ жарған болатын.
Асылбек Данияр
