Маңғыстау облысындағы Кендірлі жағалауында теңіз суын ауызсуға айналдыратын жаңа зауыт жұмысын бастады. Кәсіпорын тәулігіне 12 500 текше метр тұщы су өндіреді. Бұл су 100 шақырымнан астам құбыр арқылы Жаңаөзен қаласына жеткізіледі. Сараптама нәтижесі бойынша, тіршілік нәрінің сапасы барлық санитарлық талаптарға сай. Қазан айының соңына дейін зауыт толық іске қосылып, күніне 50 мың текше метр су өндіретін болады. Әрі 91 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл тек Жаңаөзенді ғана емес, жалпы өңірді тұрақты ауыз сумен қамтуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар «Астрахань – Маңғышлақ» су құбырына түсетін жүктемені де азайтады.
Айта кетейік, стратегиялық жоба Президент тапсырмасы бойынша жүзеге асты.
Орақ Аяпов, серіктестік басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары:
Құрылысы басталатын Кендірлі демалыс қалашығы бар. Соған су беріледі деген жоспар бар және басты мақсат – «Астрахан – Манғышлақ» су құбырының да жүктемесін азайтады. Мына жерде бізде зауыттан қанша су алынса, «Астрахан – Манғышлақтын» Жаңаөзенге келіп тұрған сол суды басқа бағыттарға бұруға болады. Басқа облыстағы елді мекендерге, мысалы.
Ернұр Медет
