Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуін құптайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуін құптайды

16.08.2025

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды. Бұл туралы Президент кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды. Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті», - деп жазбаны түйіндеген.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу