Петропавл тұрғындары қоқысты түрлі сыйлықтарға айырбастады.
«Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық акция өтті. Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам назарын аудару, қоқысты бөліп жинау мәдениетін қалыптастыру, дейді ұйымдастырушылар. Ойын форматында өткен шараға қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырманы орындады.
Ирина Жыдыханова, қала тұрғыны:
Мұндай акцияға алғаш рет қатысып отырмын. Тапсырма оңай болған жоқ. Дегенмен дұрыс шешімін таптым. Жастар тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығы туралы айтып жатыр. Өз басым қоқысты үнемі бөліп жинаймын.
Эльмира Кәленова
