Петропавлда қоқыс шығару бағасы екі есе көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда қоқыс шығару бағасы екі есе көтеріледі

19.04.2023

Петропавлда қоқыс шығару бағасы екі есе көтеріледі. Қалалық мәслихат депутаттары бекіткен жаңа тариф мамыр айынан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұған дейін қала тұрғындары коммуналдық қызмет үшін адам басына 220 теңге төлеп келген болса, жаңадан бекітілген баға 480 теңге. Облыс орталығында жалпы 60 мың абонент бар. Алайда соңғы кездері қала тұрғындары тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылмайтынына жиі шағымданады. Ал коммуналдық компаниялар оны қаржы тапшылығымен байланыстырып отыр. Тұтынушылардың коммуналдық қызмет үшін қарызы 23 млн теңгеден асқан.

Марас Есмұқанов, мердігер компания өкілі:

Техника жиі сынады. Сондықтан қоқысты уақтылы шығара алмай отырмыз. Полигонға 10 млн теңге қарызбыз. Оны өтеп, аяққа тік тұру үшін уақыт керек. Автопаркті жаңалау жоспарда бар. Қазіргі тариф 5 жыл бойы өзгерген жоқ.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу