Шығыс Қазақстан облысында ветеринария мамандарына су жаңа 113 көлік берілді. Техника «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 2,3 миллиард теңгеге сатып алынған. Бұл өңірдегі мал дәрігерлеріне мұндай көліктер соңғы рет 12 жыл бұрын берілген екен. Жаңа техника шалғай елді мекендерге жіберіліп, мамандарға вакцинация жүргізу, жедел шақыруларға бару, диагностикалық және шұғыл шараларды атқаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні шығыс Қазақстан облысында 13 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын және 100 ветеринариялық пункт, 500-ден астам мал дәрігері бар. Аймақтағы эпизоотиялық ахуалды және өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақын арада ветерианарларға тағы да жаңа көліктер беру жоспары бар.
Нұрымбет Сақтаағанов, ШҚО әкімі:
Сентябрьдің аяғына дейін тағы да осындай 20 арнайы техника, оның ішінде 13 дезинфекция жасайтын қондырғы, 1 мал өлексесін жағатын және ауру малдарды таситын арнайы техникалар жеткізілетін болады.
Олжас Керейхан
