Еліміздің 27 қолөнершісі Таиландта өтетін әлемдік текстиль симпозиумына жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 27 қолөнершісі Таиландта өтетін әлемдік текстиль симпозиумына жолдама алды

01.10.2018

Алайда, жолдама оларға оңай тимеді. Марапат «Шебер-2018» байқауында бағы жанғандар ғана бұйырды. Ал бұл байқау осымен 10-шы рет ұйымдастырылып отыр. Яғни, мерейтойлық фестиваль төрінен көріну үшін 77 өтінім түскен. Түрлі номинация бойынша тек 27-сі үздік танылып, оның бірі «Хас шебер» күміс медалінің иегері атанды. Бас жүлдені алған Жолаушы Тұрдығұлов. Ол ағаш жонып, темір түйіп, тас қашап ұлттық аспаптар жасайды. Шәкірттері де жетерлік. Көз түгілі, көңілден өшкелі тұрған ортекені оюшылардың бірі. Оның пікірінше, қолөнер индустриясы дамып келеді. «Бастысы, қазақ өнерін өрге сүйресек мерейіміз өседі»,-дейді. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу