Қазақстан құрамасының еншісінде спорттың 8 түрінен 82 лицензия бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасының еншісінде спорттың 8 түрінен 82 лицензия бар

19.01.2022
Қазақстан құрамасының еншісінде спорттың 8 түрінен 82 лицензия бар

Қазақстан құрамасы XXIV қысқы Олимпиада ойындарына спорттың 8 түрінен 32 спортшы 82 лицензия жеңіп алды.

Спортшыларымыз 30 жолдаманы шаңғы жарысынан, фристайлдан 9 жолдама, оның ішінде могулдан 5, акробатика түрінен 4 жолдама, шаңғы қоссайысынан 2 жолдама, конькимен жүгіруден 12, биатлоннан 12 олимпиадалық жолдама, шорт-тректен 9 жолдама, тау шаңғысынан 4 және тұғырдан секіру спортынан 4 жолдамаға ие болды.

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін ақ Олимпиада 4-20 ақпан аралығына жоспарланған.

Олимпиада қатысушылары Бейжіңге 27 қаңтар күні ел астанасы Нұр-Сұлтаннан Алматы қаласы арқылы чартерлік рейспен аттанады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде спорттың 15 түрінен 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

XXIV қысқы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу