Алматыда дизайнерлердің байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дизайнерлердің байқауы өтті

26.09.2018
Алматыда дизайнерлердің байқауы өтті

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ұйымдастырған сән фестивалінің қорытындысы жарияланды. Өмірін өнер жолына арнаған сәнгерлердің үздік жұмысын анықтау қазылар үшін қиынға соққан. Себебі, еліміздің барлық өңірінен келген танымал әр дизайнердің көз майын тауысып жасаған еңбектері ерекше. Сондықтан, қатысушылардың бәріне дерлік, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Енді іріктеліп алынған үздік жұмыстар халықаралық сәнгерлер байқауына жіберіледі. Олардың арасында ұлтымыздың ұлттық өнерін айшықтайтын киім үлгілері бар. 

Дильяра Айтмұханбетова, байқауға қатысушы:

- Бүгінгі коллекциялар өте керемет болды. Жастарға да, үлкен адамдарға да арналған көптеген киімдер болды. Барлық киімдер этностильде болды. Күнделікті өмірде де, кеңсеге де киюге болады. Осындай фестивальдер жиірек өтсе, Қазақстанның өнеркәсіптері көркейеді деген сенімдемін.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу