Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Бұған дейін қаламгер шығармашылық кешін Мұғалжар ауданында өткізіп келген еді. Оны облыс орталығындағы жырсүйер қауым да ерекше ықыласпен қарсы алды.
Ұзақ жылдар бойы республикалық басылымдарда жемісті еңбек етіп келген Мырзан Кенжебайды ақтөбеліктер Кердері Әбубәкір шығармаларының насихатшысы ретінде де біледі.
Әсіресе, оның ұлттық болмыс, қазіргі әдебиет тақырыбында жазған мақалаларын іздеп жүріп оқитын оқырмандары жетерлік. Ал бүгінгі кеште ол өзінің соңғы шыққан «Өттің дүние» кітабына басылған жырларын оқыды. Сондай-ақ, жырсүйер қауымның сауалдарына жауап берді.
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.